Бала ата-ана қарауынсыз суға түскен.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында 6 жасар бала суға батып кетті, деп жазады Azattyq Ruhy.
Облыстық ТЖ департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 10шілде күні Алға ауданы Есет батыр ауылында болған.
«Сағат 16:15 шамасында ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне 2016 жылы туған баланың суға батып кеткені туралы хабарлама түсті. Шақырту орнына құтқарушылар дереу жеткен құтқарушылар Есет батыр ауылынан 2 шақырым жердегі Тамды өзенінің бойында баланың ата-ана қарауынсыз суға түскенін анықтады. Тыйым салынған жерге шомылып жүріп суға батып кеткен бүлдіршіннің денесі 2,5 метр тереңдіктен шығарылды»,- делінген ТЖД хабарламасында.
Айта кетейік, биыл Ақтөбеде үш бала суға кетті. Қайғылы оқиға Ырғыз ауданында болған. Ол кезде балалар бір-бірін құтқармақ болып, судан шыға алмай қалған.
Ақтөбе облыстық ТЖД су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салды.
«Алкоголь және есірткі тұтынып, мас болған күйде суға түсуге және шомылуға, суға қайық, катер, айлақтан секіруге, тексерілмеген және жабдықталмаған орындарда сүңгуге, жүзу шегінен аспау үшін қойылған белгілерден асып жүзуге, техникалық және ескерту белгілерін асып жүзуге, балалардың ересек адамдарсыз суға шомылуына тыйым салынады», - даді ТЖД өкілдері.