Ақтөбе облысында ауыл құм құрсауында қалды

0
1 601

Құм құрсауындағы ауыл. Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты Жылтыр ауылын құм баса бастаған. Елдімекеннің шетіндегі қоралар мен сарайлар құмға көміліп жатыр.


Ақтөбе облысында ауыл құм құрсауында қалды

ERNUR.KZ. Тұрғындар бұған дейін өз күштерімін ауылды жағалай ағаш отырғызып көрген. Алайда, одан нәтиже болмады, деп жазады zakon.kz.

Айтуларынша, құмды тазарту үшін қыруар қаржыға техника шақыртуға мәжбүр. Сондықтан әкімдік тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылса дейді.

Жалпы Ақтөбе облысындағы 19 ауылға құм көшкінінен қауіп бар.

Былтыр Ырғыз ауданының Жарма ауылындағы құм көшкінін тоқтату үшін 119 миллион теңге бөлінді.

11 гектар аумақ қамыспен қоршалды. Бұл тәжірибе өзге елдімекендерге де қолданылады.

"Қазіргі таңда Жылтыр ауылында құм тоқтату жұмысы үшін 2 скважина қазылды, 5 метрден су шықты. Бұл еккен талды суару үшін. 2024 жылы сол жерге 35 мың түп сексеуіл егеміз. Жоспарды орындауға тиісмпіз, орындаймыз. Одан басқа қарағаш та егіледі. Көңіл бөлінетін болады, жұмыс істелінетін болады" - дейді Сәбит Дүйсекенов, облыстық табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.