Ақтөбе облысында есепшілер балабақшалардан 54 миллион теңге жымқырған

0
229

"Балауса", "Гүлдер", "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақшалар аударған.


Ақтөбе облысында есепшілер балабақшалардан 54 миллион теңге жымқырған

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында бюджет қаражатын заңсыз иемденген бухгалтер 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады tengrinews.kz.

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі ұйымдарда 54 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын заңсыз иемденiп алу деректерін анықтаған.

"Балауса", "Гүлдер", "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлері басшыларының атынан құжаттарға қол қойып, өздерінің есеп-шоттарына заңсыз ақшалар аударған. Барлық көрсетілген деректерге қатысты аудан прокуратурасымен бухгалтерлерге қатысты ҚК-тің 189-бабы 2 және 4-бөліктері ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды", - делінген хабарламада.

Соталды тергеп-тексеру нәтижесінде, "Шапағат" және "Арай" балабақшаларының бухгалтерлерімен жалпы сомасы 5 миллион теңгеден астам шығындарды өтеулеріне байланысты, қылмыстық істер өндірістен тоқтатылды.

"Балауса" және "Гүлдер" балабақшаларының бухгалтерімен 49 миллион теңге қаражатты заңсыз иемдену деректеріне қатысты сот үкімі шығып, ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды.