Оқиға 2 маусым күні Алға ауданында болған.
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында колледж студенті мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасады. Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсінік берді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиға 2 маусым күні Алға ауданында болған. 17 жастағы екінші курс студенті мен тоғызыншы сынып оқушысы төбелесіп қалған. Ашуға булыққан студент мектеп оқушысына пышақпен шабуыл жасады. Аудандық аурухана дәрігерлері «оң жақтағы иық, бел аймағы және іш аймағының тесілген жарақаты» диагнозын қойды.
«Алға ауданында болған жанжал салдарынан үш жігіт медициналық мекемеге жатқызылды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп хабарлады полиция агенттікке берген түсініктемесінде.