Ақтөбе облысында өрт кезінде жарылыс қаупі жойылды

0
198

Өрт шалған аумақтың жалпы алаңы - 500 шаршы метр.


Ақтөбе облысында өрт кезінде жарылыс қаупі жойылды

ERNUR.KZ. Темір қаласындағы Бөгенбай батыр көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында шаруашылық нысан өртенді, деп жазады Zakon.kz.



Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер өрттің үлкен аумақты қамтығанын анықтады.

Өртке оранған нысанды барлау кезінде өрт сөндірушілер газ және оттегі баллондарын тауып, оларды сыртқа алып шықты.

Оқиға орнына келіп жеткенде өрттің едәуір алаңға таралып үлгергеніне қарамастан өрт сөндірушілер қызыл жалынды дер кезінде ауыздықтай алды. Өрт шалған аумақтың жалпы алаңы - 500 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.