Ақтөбе облысында жанармай құю бекетінде өрт шықты

0
560

Өртті сөндіруге 24-тен астам өрт сөндіруші мен бес бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.


Ақтөбе облысында жанармай құю бекетінде өрт шықты

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жанармай құю бекетінде өрт шықты, деп жазады stan.kz.

"17 шілде күні сағат 00.07-де "112" құтқару қызметіне Қобда ауданында Самара-Шымкент тас жолының 616 шақырымында Қобда ауылынан Ақтөбе қаласына қарай 7 шақырым жерде жер асты суын толтыру кезінде газ тасымалдағышы бар "Эталон газ" жер асты цистернасынан және газ тасымалдағыштың артқы жағындағы газ шығып, өрт тұтанды", - деп хабарлайды Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) баспасөз қызметі.

Өртті сөндіруге 24-тен астам өрт сөндіруші мен бес бірлік ТЖД техникасы жұмылдырылды.

"Сонымен қатар оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінің басшылығы болды. Олар жағдайды бақылауға алып, өрттің дер кезінде жойылуын қадағалады. Өрт сөндірушілердің кәсіби және үйлесімді жұмысының арқасында өрт басқа нысандарға тарамай, 20 тонналық жанармай таситын көлік аман қалды. Өрт 1.50-де оқшауланып, 2.15-те жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда", - деп толықтырды ТЖД.