Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

0
820

39 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жабық учаскесіне шығып, сол жерде тұрған асфальт катогімен соқтығысқан.


Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, деп жазады tengrinews.kz.

18 қыркүйек сағат 23:30 шамасында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы Елек аулының маңында Ақтөбе-Астрахань автожолының жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жабық учаскесінде адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы болды.

"39 жастағы Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі жол-құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдың жабық учаскесіне шығып, сол жерде тұрған асфальт катогімен соқтығысқан. Салдарынан жүргізуші мен оның үш жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды. Қаза тапқандардың барлығы осы учаскеде жол-құрылыс жұмыстарын жүргізетін ұйымның қызметкерлері", - делінген хабарламада.
ҚР ҚК-ның 345-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды.