Ақтөбе облысында жасөспірім 3 адамды қағып кеткен: 3 жастағы бала қаза болды

0
952

Қайғылы оқиға 2 тамызда сағат 21:30-да Сарыжар ауылында болған.


Ақтөбе облысында жасөспірім 3 адамды қағып кеткен: 3 жастағы бала қаза болды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жасөспірім үш адамды қағып кетті. Үш жастағы бала қаза болды, тағы екі жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылған, - деп жазады Tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 2 тамызда сағат 21:30-да Сарыжар ауылында болған.

"Әйтеке би көшесімен жүріп келе жатқан 17 жастағы ВАЗ-21140 автокөлігінің жүргізушісі жолдың жүріс бөлігінен өтіп бара жатқан 28 жастағы жаяу жүргінші мен екі кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен. Салдарынан 3 жасар бала жедел жәрдем көлігінде қаза болды, қалған екі жаяу жүргінші облыстық ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.