Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 39 жастағы ер адам өлі табылды

0
290

Ер адам мал қарауға кетіп, қайтып оралмаған.


Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 39 жастағы ер адам өлі табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 39 жастағы ер адам өлі табылды, деп жазды inbusiness.kz.

25 сәуірде Ырғыз ауданы полиция бөліміне 39 жастағы ер адамның белгісіз жоғалып кету фактісі бойынша туыстары арызданған.

Туыстарының айтуынша, жоғалып кеткен адам бір күн бұрын атпен Қарақоға деп аталатын жерге мал қарауға кетіп, қайтып оралмаған.

Полиция, құтқарушылар мен жергілікті тұрғындардың күшімен іздеу шаралары ұйымдастырылды, нәтижесінде 26 сәуірде Ырғыз өзенінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ер адамның мәйіті табылды. Сараптама тағайындалды.

Өзен арнасының бұл бөлігі су басу аймағында болған жоқ.