Жол көлік оқиғасы фактісіне қатысты тергеу басталды.
ERNUR.KZ. 16 мамыр күні Самара – Шымкент автожолының 824 шақырымында Toyota RAV-4 және Chevrolet Lacetti автокөліктері соқтығысқан, деп жазады inbusiness.kz.
Салдарынан Chevrolet көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы, Өзбекстан Республикасының азаматтары оқиға орнында қаза тапты. Сондай-ақ Chevrolet автокөлігінің үш жолаушысы және Toyota RAV-4 көлігінде болған 5 жасар баласы бар ерлі-зайыптылар медициналық мекемеге жатқызылды.