Ақтөбе облысында жол апатынан Өзбекстанның 2 азаматы қаза болды

0
1 215

Ақтөбе облысы аумағында жол апатынан Өзбекстанның екі азаматы қаза тапты. Өзбекстан Төтенше жағдайлар миинстрлігінің хабарлауынша, жол апаты 5 наурыз күні сағат 10:50-де Ақтөбе облысының Өлке елді мекені тұсында Самара – Шымкент жолында болған. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.


Ақтөбе облысында жол апатынан Өзбекстанның 2 азаматы қаза болды

фото: azattyq.org

Ақтөбе облысы аумағында жол апатынан Өзбекстанның екі азаматы қаза тапты. Өзбекстан Төтенше жағдайлар миинстрлігінің хабарлауынша, жол апаты 5 наурыз күні сағат 10:50-де Ақтөбе облысының Өлке елді мекені тұсында Самара – Шымкент жолында болған. Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлады.

Санкт-Петербургтен Ташкентке кетіп бара жатқан Opel Astra жеңіл көлігі КамАЗ көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Өзбекстанның Әндіжан облысының 1978 жылы және 1975 жылы туған екі тұрғыны қаза тапқан.

Қазір Өзбекстан құзырлы органдары марқұмдардың мәйітін Ақтөбеден алып кету шараларын істеп жатыр.

Қазақстанның батыс өңірінде жыл басынан бері осымен төртінші рет Өзбекстан азаматтары жол апатына ұшырап отыр. 18 қаңтар күні Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы Қалыбай ауылынан 10 шақырым жерде жолаушылар автобусы өртеніп, Өзбекстанның 52 азаматы қаза тапқан. Автобуста барлығы 57 адам – 54 жолаушы мен екі жүргізуші болған. Екі жолаушы мен үш жүргізуші аман қалған.