Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық жолаушылар Ырғыз ауылына аман-есен жеткізілді, оларға қажетті қолдау көрсетілді.
фото: Пресс-служба ДЧС Акмолинской области
ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы "Самара-Шымкент" тас жолында Өзбекстан мен Тәжікстан Республикаларында тұратын 38 жолаушысы бар автобус сынып жолда қалды, деп жазады sputnik.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында барлық жолаушылар Ырғыз ауылына аман-есен жеткізілді, оларға қажетті қолдау көрсетілді.
Оралда ТЖМ құтқарушылары пәтерде құлыпталып қалған балаға көмекке келді. Орал қаласы Орақбаев көшесі бойында екі жасар бала кездейсоқ пәтерде құлыпталып қалған, ал баланың ата-анасы алыс жерде болған. Құтқарушылар арнайы құралдарды пайдаланып есікті ашты.