Ақтөбе облысының 6 ауданында жануарларға арналған панажай салынады

0
540

Облыста 1700 шамасында бұралқы ит бар.


Ақтөбе облысының 6 ауданында жануарларға арналған панажай салынады

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде өңірде бұралқы иттердің мәселесі қалай шешілетінін айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Біздің облыста 1700 шамасында бұралқы ит бар. Оның 1100-ден астамы стерильдеп, піштірілген. Аудандарда ветеринарлық стансалар мен жануарларға арналған панажайлар жұмыс істейді. Алты ауданда осындай панажай салу жоспарланған», - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, ол иесіз жануарларға қамқорлық көрсету тұрғындардың қауіпсіздігіне нұқсан келтірмеуі керектігін атап өтті.

«Біз қазір бұралқы иттерге чип салу мәселесін пысықтап жатырмыз. «Таңба» атты ақпарат жүйесі әзірленді. Бұл бағыттағы жұмыстың бәрі соның аясында жүргізіледі. Әрине, азаматтарымыздың қауіпсіздігі – ең маңызды мәселе. Сондықтан қосымша шаралар қабылданады», - деді әкім.