Ақтөбеде 13 жастағы қыз анасы мен ағасының өліміне қатысты сұмдық деректермен бөлісті

0
735

Қылмыскер 13 жастағы қызды да ауыр жарақаттаған, бірақ ол баланы өлді деп ойлап қашып кеткен.


Ақтөбеде 13 жастағы қыз анасы мен ағасының өліміне қатысты сұмдық деректермен бөлісті

ERNUR.KZ. Ақтөбеде көктемде болған екі кісінің өліміне қатысты сот процесі жүріп жатыр. Қанды оқиғада тірі қалған 13 жастағы қыз қылмыстық іске қатысты сұмдық деректермен бөлісті, деп жазады stan.kz.

Қанды оқиға 29 наурызда Жеңіс даңғылындағы №30 үйде болған. Мұнда Екатерина Гетина мен оның 16 жастағы ұлы Вадим кісі қолынан көз жұмған еді. Қылмыскер 13 жастағы қызды да ауыр жарақаттаған, бірақ ол баланы өлді деп ойлап қашып кеткен.

Ал сәуірдің соңында тұтқынға алынған күдікті соңғы хатын жазып, тергеу изоляторында асылып қалды. Марқұмның туыстары күдіктінің кінәсіз екенін дәлелдегісі келеді.

Сот барысында 13 жастағы София сұмдық деректермен бөлісті.

"Мен шудан оянып кеттім, біреу тұншығып жатқандай естілді. Залға кіргенде ағамды көрдім. Ол жерде арық әрі бойы ұзын, панама бас киімін киген ер адам тұрды. Ол менен үйде тағы адам бар ма деп сұрады, мен білмеймін дедім. Ол мені еденге жатқызып қылқындыра бастады, қарсыласып, қолын алып тастағым келген, бірақ есімнен танып қалдым. Қалай пышақтағанын білмеймін, ол кезде есімді білмеймін. Оянған кезде ол жоқ екен. Жанымда ағам жатыр, оның басы қан болды", – дейді қыз.

София қансырап жатса да, ұялы телефонды алып, бұғаттан шығаратын батырмасын алты рет басқан. Осылай төтенше жағдайлар қызметіне хабарласыпты. Бірақ жедел қызмет өкілдері қыздың көмегін қалжың деп ойлаған.

"Қанша қоңырау шалғаным есімде жоқ, қазір мен үшін бір ғана қоңырау секілді. Тұтқаны көтергенде ағамды өлтіріп кеткенін, ал менің мойнымда жарақат барын, тұра алмайтынымды айттым. Біреуі маған "Бала, ойнама" деді де, тұтқаны анама беруді сұрады. Сосын көрші бөлмеде тағы бір телефонның даусы шықты, олар анама хабарласқан екен", – деп қосты София.

Көмек күте алмаған қыз жуынатын бөлмеге барып, терезеге қараған. Бірақ қанды көрген соң қайта есінен танып қалыпты. Есін жиған соң төтенше қызметке хабарласқан. Нәтижесінде кезекші бөлім қызметкері қыздың көмек сұрағанына және дұрыс сөйлей алмай жатқанына қарамастан жедел жәрдемді тек 55 минут өткен соң шақырыпты. София бір сағатқа жуық уақыт қансырап жатқан.

Өздеріне шабуыл жасаған адамды қыз дауысы мен дене тұрқына қарап таныпты.

Айыпталушы ерлер киімін сататын дүкенде жұмыс істеген. Қылмыс болардың алдында әскерден оралыпты. Анасы ұлының суицид жасамайтынына сенімді. Сотта әйел ұлымен соңғы кездескенінде қылмыс жасамағанын айтқанын хабарлапты.