17 жастағы қыздың туған әкесімен жанжалдасқаны анықталған
ERNUR.KZ. Ақтөбеде жасөспірім қыз әкесінің бетін тіліп жіберген, деп жазады Tengrinews.
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер қызға қатысты іс қозғаған жоқ.
"26 қарашада полицияға отбасында жанжал шыққаны жайлы хабар түсті. Оқиға орнына барған полицейлер 17 жастағы қыздың туған әкесімен жанжалдасқанын анықтаған. Ер адам Медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген", - деп хабарлады полициядағылар.
Науқастарды қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұлдыз Рахметованың айтуынша, ер адамға қажетті көмек көрсетілген, кейіннен ол үйіне қайтқан. Ер адам бетін және қолын жарақаттаған.