Ақтөбеде 22 мыңнан астам жер мемлекетке қайтарылды

0
529

Шалқар ауданы әкімдігі және Департаменттің бірлескен түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде аталған жер учаскесі Шалқар ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 мамырдағы №103 қаулысы негізінде ауданның босалқы жер қорына қайтарылды.

Ақтөбеде 22 мыңнан астам жер мемлекетке қайтарылды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының жер ресурстарын басқару департаментімен пайдаланбай жатқан немесе заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасуда, деп жазады baq.kz.

Жүргізілген тексерулер нәтижесінде Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Жаңақоныс ауылдық округіне қарасты «Рахымжан» шаруа қожалығының 22 300 га жер учаскесінде Ауыл шаруашылық жануарларының бірдейлендіру базасында бірде-бір мал бастарының жоқтығы анықталды.