Ақтөбеде 26 жастағы қыз балконнан құлап көз жұмды

0
1 357

Бойжеткен 9 қабатты үйдің 7-қабатының балконынан секірген.


Ақтөбеде 26 жастағы қыз балконнан құлап көз жұмды

ERNUR.KZ. Көпқабатты үйдің 7-ші қабатынан 26 жастағы ақтөбелік секіріп кетті. Ол оқиға орнында көз жұмды, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға Ақтөбе қаласы ағайынды Жұбановтар көшесінде болды. Бүгін сағат 15:30-да Жедел басқару орталығының пультіне көпқабатты үйдің балконынан қыздың құлағаны туралы хабарлама келіп түсті.

«Полиция қызметкерлері 9 қабатты үйдің 7-қабатының балконынан секірген 26 жастағы қыздың мәйітін тапты. Қыз алған жарақаттарынан жедел жәрдем бригадасы келгенге дейін қаза болды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр»,- деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Еске салсақ, Ақтөбеде биыл 168 адам өз-өзіне қол салды. Оның ішінде 47 адам көз жұмып, қалғаны құтқарылды.

Ақтөбе облыстық прокуратурасының мәліметінше, суицид жасайтындар саны артқан. Былтыр бес айда 128 дерек тіркелсе, биыл 168-ге жеткен. Орта есеппен күніне 2 адам суицид жасайды.

«Ақтөбе қаласында 143, Мұғалжарда 5, Шалқарда 4, Мәртөкте 3, Әйтеке би ауданында 3 жағдай тіркелді. Көпқабатты үйлерден секіру кезінде қоғамда ерекше резонанс туындайды. Биыл осындай 5 жағдай тіркелді. Сәуір айынды үш әйел көпқабатты үйден секірді. Оның біреуі 25 қабатты «Ақтөбе-Ажары» тұрғын үй кешенінде болса, екіншісі Ақтөбе қаласының орталығындағы тоғыз қабатты үйде анықталды. Қазір облыс прокуратурасы жергілікті атқарушы органның атына суицидтің алдын алу жөнінде шаралар қабылдау туралы хат жолдады», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық прокуратура басқармасының прокуроры Асхат Макаев.