Ақтөбеде апалы-сіңлілі оқушылар кешеден бері табылмай жатыр

0
3 989

Олар Хромтаудағы әжемізге барамыз деп кетіп қалған.


Ақтөбеде апалы-сіңлілі оқушылар кешеден бері табылмай жатыр

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бесқұдық ауылынан шығып кеткен екі оқушы қыз кешеден бері табылмай жатыр. Полициямен қатар оларды еріктілер де іздестіріп жатыр, деп жазады inform.kz.

Қобда ауданы Бесқұдық ауылынан шыққан 13 жастағы Диляра Қалиева мен оның апасы Назым Қалиева кешеден бері табылмай жатыр. Олар Хромтаудағы әжемізге барамыз деп кетіп қалған.

қыз
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұловтың айтуынша, Қобда аудандық полиция бөлімінен 15, Ақтөбе облыстық полиция департаментінен 12 қызметкер мен еріктілер жұмылды.

жоғалған қыз
Фото: Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.

Сонымен бірге Хромтау полициясы да іздеуге көшті.

- Қобда ауданы Бесқұдық ауылындағы анасынан Хромтауда тұратын әжемізге барамыз деп кетіп қалған. Бұрын олар әжесінің қолында тәрбиеленген. 8-9 сынып оқушылары, - деді облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан.

Әзірге олар Хромтауға жетпеген.