Ақтөбеде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен тоғыз адам ұсталды

0
431

Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 3 адамды қамауға алған болатын.


Ақтөбеде аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен тоғыз адам ұсталды

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласында екі адамды өлтірді деген күдікке ілінгендердің барлығы анықталды, деп жазадыSputnik.kz.kz.

Бұл іс бойынша полицейлер 9 адамды ұстады, деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша полиция департаменті тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.
Бұған дейін полиция аса ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 3 адамды қамауға алған болатын. Облыс орталығынан 400 шақырым жерде орналасқан елді мекендердің бірінде тағы 6 күдікті ұсталды.
Осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 1-тармағымен (Кісі өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Зорлықпен өлтіру белгілері бар екі адамның мәйіті Ақтөбедегі Елек өзені жағасында орналасқан "Оазис" монша кешенінің қарсы бетінен табылды.