Ақтөбеде балалар арасында тұмау өршіп тұр

0
433

Ақтөбеде балалар ауруханаларындағы төсек-орын жүктемесе 96,3% асты.


Ақтөбеде балалар арасында тұмау өршіп тұр

ERNUR.KZ. Қазір балалар арасында жедел респираторлық вирустық инфекция көбейген, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақтөбе облысында бір тәулікте 19 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 16-ы вирустың симтомды түріне шалдыққан.

«Ақтөбедегі инфекциялық стационарларда 149 адам ем алып жатыр. Оның 25-і жансақтау бөлімінде. Сонымен бірге 23 баладан COVID-19 анықталып, олар амбулаторлық бақылауғаа алынды. Ал екі жүкті келіншек инфекциялық стационарда емделіп жатыр. Қазір маусымдық жедел респираторлық вирустық инфекция көбейді. Күз бен көктемде осылай болады. Балалар ауруханасындағы төсек орын-жүктемесі 96,3% құрап отыр. Оның 70% бір жасқа толмаған сәби. Ата-ана баласын алып, өз бетімен бірден ауруханаға барып жатыр. Бұл дұрыс емес. Алдымен учаскелік дәрігерге қаралуы керек», - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің бас маманы Асия Тржанова. Оның айтуынша, балаларға қажетті дәрі-дәрмек емханаларда бар. Учаскелік дәрігерлер емдеу орнындағы, тегін дәрі-дәрмек тізіміне кіретін дәріне беруге міндетті.

Айта кетейік, бүгінге дейін Ақтөбеде 35 мыңға жуық адамнан коронавирус инфекциясы анықталды. Оның 98 % жазылды.