Оқиға 6 шілдеде болған.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде Қазақстан мен Ресей шекарасынан өтпек болғанда балаларға шабуыл жасады деген күдікпен жасөспірім ұсталды, деп жазады stan.kz.
Оқиға 6 шілдеде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан жасөспірімнің балалардың жанына келіп, бұрыш баллонын сепкенін көруге болады.
"Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Ақтөбе облысының полицейлері шекарадан өтпек болған күдікті жасөспірімді ұстады", – делінген хабарламада.
Полиция мәліметінше жасөспірімді бұзақылық дерегі бойынша іздестірген.