Кепілде үш адам – қыз және оның ата-анасы болған.
фото: видеодан скрин
Ақтөбеде белгісіз адам екі тұрғынды кепілге алды. Оқиға орнына полиция, қала прокуроры мен төтенше жағдайлар қызметі барған. Кейін кепілден босатылған екі адам қайтыс болғаны белгілі болды, деп жазады tengrinews.kz.
Ақтөбе қаласындағы жеке үйлердің біріне белгісіз біреу басып кіріп, қызды кепілге алған. Полиция департаменті төтенше жағдай туралы ақпаратты растады.
"102 пультіне белгісіз біреудің жеке үйге басып кіріп, қызды кепілге алғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына барлық жедел жәрдем қызметкерлері шұғыл жөнелтілді, аумақ қоршауға алынды. Полиция департаментінің басшысы мен қала прокуроры. Оқиға орнында, келіссөздер жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ведомстводан.
Телеарна мәліметінше, жарақат алған әйел ауруханаға барар жолда көз жұмған, ал екінші ер адам ота үстелінде қайтыс болды. Үшінші зардап шеккен адамның жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Оның басы мен қолында пышақ жарақаттары бар. Оған қажетті барлық көмек көрсетіліп жатқаны айтылды.
Еске сала кетейік, 14 қаңтарға қараған түні Ақтөбеде белгісіз біреу қызды кепілге алған. Кейінірек полиция берген мәлімет бойынша, кепілде үш адам – қыз және оның ата-анасы болған. Полиция кепілдегілерді босату операциясының сәтті өткенін мәлімдеді. Күдікті ұсталды.