Ол құлаған ұңғыманың тереңдігі 3,5 метр болды.
ERNUR.KZ. Құдыққа түсіп кеткен бала ауыр жарақаттармен балалар ауруханасына жеткізілді, бірақ 3 күннен кейін 12 сәуірде бүлдіршін көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 9 сәуірде ата-анасының айтуы бойынша бала тереңдігі 3,5 метр ашық құдыққа құлап кеткен. Ол бірден комаға түскен.
«Балаға мидың көгеруі, қабырғаның сынуы, мойын сүйегінің сынуы, екі өкпенің де көгеруі, трахея мен үлкен бронхтардың зақымдануы диагнозы қойылды. Оған бірнеше ота жасалды, бірақ ол 12 сәуірде қайтыс болды», - деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.
Полиция департаменті қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Қайғылы оқиға болған күні отбасы ауланы тазартуға шыққан. Бала ойнап жүріп, ашық құдыққа түсіп кеткен. Сараптама тағайындалды.
Өрт гидранты кімге тиесілі және кім оны кім қадағалауы керек екені әзірге белгісіз. ТЖД гидранттар ТКШ-ға, ал қалалық әкімдік «Ақбұлаққа» тиесілі екенін айтты.