"Қазгидромет" РМК АОФ хабарлауынша, 8-9 ақпан күндері аймақта жел күшейіп, боран соғып тұр.
ERNUR.KZ. Ауа райына байланысты Ақтөбеде шұғыл штаб құрылып, тұрғындарға байланыс нөмірі таратылды, деп жазады inbusiness.kz.
"Ауа райының күрт нашарлауына байланысты тұрғындарға көмек көрсету мақсатында жедел штаб құрылып, шұғыл желі іске қосылды. Байланыс нөмірі: 8 7132 54 85 24", - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
"Қазгидромет" РМК АОФ хабарлауынша, 8-9 ақпан күндері аймақта жел күшейіп, боран соғып тұр. 8 ақпан күні облыстың басым бөлігінде қар, қар аралас жаңбыр жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с, кей жердерде 23-28 м/с жетті. Ал 9 ақпан күні желдің жылдамдығы 9-14 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с, ал солтүстік бөлігінде 25 м/с болады деп күтіліп отыр.