Күдікті Шалқар ауданы полиция бөлімінің арнайы бөлмесіне уақытша қамалды.
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желіде әйелге әлімжеттік көрсеткен ер адамның бейнежазбасы тарады. Кадрдан ер адамның әйелді кірпішпен қуып келе жатқанын көруге болады, деп жазады zakon.kz.
Полицейлер осы бейнежазбаға түсініктеме берді.
"29 тамыз күні сағат 17:00 шамасында Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Желтоқсан көшесінің бойында 32 жастағы Шалқар қаласының тұрғыны қоғамдық орында азаматшаны боқтап, балағаттап қоғамдық тәртіпті бұзған", – деп хабарлады полиция қызметі.
Бұл дерек бойынша Шалқар қаласының тұрғынына ҚР ӘҚБтК-нің 434 бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылған.
Күдікті Шалқар ауданы полиция бөлімінің арнайы бөлмесіне уақытша қамалды.