Ақтөбеде ер азаматтар бірінен соң бірі жоғалып жатыр

0
1 397

Тек биылдың өзінде жыл басынан бері 49 адамға іздеу жариялан


Ақтөбеде ер азаматтар бірінен соң бірі жоғалып жатыр

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жақынын жоғалтып, іздеу салғандар азаймай тұр. Әсіресе, үйінен шығып кетіп, артынан хабар-ошарсыз кеткендер көп. Олардың дені ер азаматтар, деп жазады Еуразия бірінші арнасы.

Өксігін баса алмаған Есет Байшолақовтың жалғыз ұлын шарқ ұрып іздеп жүргеніне екі аптадан асқан. Самұрат Есетов 25 тамыз күні, тал түсте үйінен шығып кетеді. Үнемі қайда бара жатқанын ата-анасына ескертіп жүретін ұлдарынан көз жазып қалғанына ата-анасы әлі сенетін емес.
Самұрат қаладағы жеке фирмалардың бірінде техник болып жұмыс жасайды. Өзі еңбек демалысында жүрген екен.
«Сағат 12-де жұмыста отырған кезінде қоңырау шалған кезімде жұмысқа бара жатырмын деді, шамалы уақыттан кейін, сағат бірлердің шамасында телефоны сөнулі тұр. Ажыратылған. Сол күннен бастап ешқандай хабар жоқ. Мен енді ойлаймын, біреулер ұстап отырған шығар деп. Солай сияқты , себебі, ешкімге жазығы жоқ бұл баланың. Ішімідкке әуесі жоқ, темекі тартпайды, жат қылықтардан аулақ. Жолдастырының арасында белсенді беделді. Барлығының қамын ойлап жүреді», дейді ЖІБЕК МЫРЗАҒАЛИЕВА.
Самұраттың не телефоны жауап бермейді, не көрдім-білдім деген адам жоқ. Бірді-екілі адам оған ұқсайтын жігітті көрдім дегенімен, нақты сипаттап бере алмапты. Ата-анасы ұлының жұмбақ жағдайда жоғалып кеткенін айтып, полицияға шағымданған. Әзірге еш нәтиже жоқ.
«Халайық, егер де мына баламды көріп-білгендер болса, хабарласаңыздар!», дейді ЕСЕТ БАЙШОЛАҚОВ.
Соңғы уақытта ағайын-туысын жоғалтып алғанын айтып, әлеуметтік желіде іздеуге көмек сұрағандар көбейген. Іздеу жұмыстары нәтижелі болуы үшін волонтерлер жоғалған азаматтардың суретін әлеуеттік желіде жариялап отырады. Сол іздеу тобының сапында жүрген Бақытқали Оразғалиев адамдардың хабар-ошарсыз кетуіне әртүрлі жағдай себеп болатынын айтты.
«Үлкен кісілер балалар сияқты ғой. Олар үйден балаларына ренжіп шығып кетеді де, переживание болып, оларда «потеря памяти» дейміз.Кейбіреулер ішіп кетеді, кейбіреулер қарыздардан, бір нәрседен тығылып жүреді, туысқандары да білмейді, шығып кетеді олар, ешкімге айтпай, өздері тығылып , бір жақта болады. Сондай да жағдайлар болады», дейді БАҚЫТҚАЛИ ОРАЗҒАЛИЕВ, ІЗДЕУ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ.
Ал, тәртіп сақшылары төмендегідей жағдайда дабыл қағу керектігін ескертеді:
«Егер адам келмеген болса, ұзақ уақыт бойы телефон қоңырауларына жауап бермесе, туыстары, достары, әріптестері оның қайда екенін білмесе, полицияға 102 номеріне хабарласып, қоңырау шалуы керек», дейді ЕРБОЛАТ САРҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ.
Ішкі істер органдарының статистикасына сүйенсек, соңғы төрт жылда облыста 1000-нан астам жоғалған .Тек биылдың өзінде жыл басынан бері 49 адамға іздеу жарияланып, 45-і табылған.