Ақтөбеде ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды

0
1 963

Олар есірткі таратумен айналысқан.


Ақтөбеде ерлі-зайыпты 11 жылға сотталды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде 27 жастағы әйел мен 40 жастағы ер адам ұсталды. Олар есірткі таратумен айналысқаны үшін 11 жылға сотталды, деп жазады inbusiness.kz.

Өткен жылдың соңында Ақтөбе облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы жасақпен бірлесіп мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Ақтөбе қаласында ерлі-зайыпты 27 жастағы әйел мен 40 жастағы ер азаматты ұстады. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, ерлі-зайыптылардың екеуі де есірткіге мас күйде болған. Оларды жеке тінту, тұрғылықты жерін және есірткі қойған жерлерін тінту барысында жалпы салмағы 1,5 келіні құрайтын синтетикалық психотроптық заттар тәркіленді.

Бұл деректер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

2023 жылдың мамыр айында Ақтөбе қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен ерлі-зайыптылар сату мақсатында аса ірі көлемде психотроптық заттарды сақтағаны мен тасымалдағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.