Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінен 5 адам мен техника жұмылдырылды.
ERNUR.KZ. Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында газ баллоны жарылып, үй қирап қалды. Үй ішінде болған төрт адам ауруханаға түсті, деп жазады ҚазАқпарат.
23 қазан сағат 12:06-да құтқару қызметінің пультіне Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында орналасқан тұрғын үйдің ішінде газ баллоны жарылып, үйдің өртеніп жатқаны туралы ақпарат түскен. Мұғалжар ауданы өрт сөндіру бөлімінен 5 адам мен техника жұмылдырылды.
«Шақырту орнына құтқарушылар жеткен кезде тұрғын үйде газ баллоны ашық қалып, газдың ауаға тарағаны, содан гүрс етіп жарылып, өрт шыққанын білді. Үйдің қабырғасы құлап қалған. Өрт салдарынан 4 адам Мұғалжар ауданының орталық ауруханасына жеткізілді. 2 адамды әр түрлі дәрежедегі күйік шалған. Жағдайлары қазіргі таңда тұрақты», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Құтқарушылар тұрғын үйден 50 литрлік екі газ баллонын шығарды. Өрт сағат 13:30-да сөндірілді.
Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевтің айтуынша, үйде болған адамдардың екеуін күйік шалған. Екеуі түрлі жарақат алған. Ауруханаға жатқызылды. Олар аудандық аурухана ем қабылдайды.