Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды .
ERNUR.KZ. Ақтөбеде интимдік қызмет көрсеткен және интимдік сипаттағы массаж жасаған 60 қыз анықталды, деп жазады Polisia.kz.
1-3 желтоқсан аралығында республика аумағында «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Оның барысында Ақтөбе қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері интимдік қызмет көрсеткен және интимдік сипаттағы массаж жасаған 60 қызды анықтады.
Аталған адамдар ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы, ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар 4 массаж салоны мен бір сауна анықталды, оның иелері ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.