Ақтөбеде «қалжың айтқан» ер адам 5 жылға сотталуы мүмкін

0
563

Қазіргі уақытта «Терроризм актісі туралы жалған ақпарат беру» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.


Ақтөбеде «қалжың айтқан» ер адам 5 жылға сотталуы мүмкін

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысының тұрғыны бомба туралы әзілдегені үшін бес жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін, деп жазады Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 23 қазан күні сағат 22:24-те Ақтөбе қалалық ІІБ Жедел басқару орталығының «102» телефонына ер адам қоңырау шалып, кафеге бомба қойғанын айтқан.

«Хабарлама түсе салысымен, оқиға орнына дереу барлық төтенше жағдайлар қызметі мен саперлар тобы дәмхана ғимаратында жарылғыш заттар бар-жоғын тексеру үшін ұйымдастырылды. 87 адам эвакуацияланды (кафенің қонақтары мен қызметкерлері). Ешқандай жарылғыш зат табылмады, – деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында патрульдік полиция қызметкерлері лаңкестік актісі туралы жалған хабар берді деген күдікпен Қобды ауданының 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол бомба туралы қалжыңдап айтқанын түсіндірді.

Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 273-бабы «Терроризм актісі туралы жалған ақпарат беру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.