Ақтөбеде қараусыз қалған элеватор резервуарына құлап кеткен бала көз жұмды

0
832

Ол тереңдігі 10 метр болатын резервуарға құлап кеткен.


Ақтөбеде қараусыз қалған элеватор резервуарына құлап кеткен бала көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақтөбеде мамыр айының соңында қараусыз қалған элеватор резервуарына құлап кеткен 9 жасар бала көз жұмды, деп жазады nur.kz.

"Дәрігерлердің жан-жақты көмек көрсеткеніне қармастан, ол 18 мамыр күні шамамен 22:00-де алған жарақатынан көз жұмды", - дейді балалар ауруханасының бас дәрігері Ербол Жапақов.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде ойнауға кетіп, үйіне оралмаған бала ескі элеватордың астық сақтайтын резервуарынан табылғанын хабарлаған едік. Белгілі болғандай, ол тереңдігі 10 метр болатын резервуарға құлап кеткен. Кейін құтқарылған жеткіншек іс-түсіз күйде аурухана жеткізілген болатын. Сол кезде дәрігерлер бала көптеген жарақат алғанын, жағдайы ауыр екенін айтқан еді.