Жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жеткізілгенімен, көп ұзамай қайтыс болды.
ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласындағы орталық даңғылда көлік ағашқа соғылып, соның салдарынан екі адам қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
«Диапазон» басылымының жазуынша, қайғылы оқиға 16 желтоқсанда таңғы сағат 4.00 шамасында Әбілқайыр хан даңғылының бойында болған.
«ВАЗ-2114» көлігінің 18 жастағы жүргізушісі «Мир» бизнес орталығының жанына жеткен рөлді басқара алмай, ағашқа соғылған. Жол апаты салдарынан жүргізуші мен жолаушы ауруханаға жеткізілді, алайда олар алған жарақатынан қайтыс болды», - деп хабарлады Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Полиция жүргізушілерден жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.