Полицейлер қылмыстық істе күдікті ретінде марқұмның кәмелетке толмаған қызы мен оның 19 жастағы досы танылғанын растады.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде полицейлер жергілікті тұрғынның өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастады. Құқық қорғаушылардың бір нұсқасы бойынша, марқұмды 16 жастағы қызы өлтіруі мүмкін, деп жазады Stan.kz.
Әзірге полицейлер қылмыстық істе күдікті ретінде марқұмның кәмелетке толмаған қызы мен оның 19 жастағы досы танылғанын растады.
"Кісі өлтірді деген күдікпен 19 жастағы жігіт пен 16 жастағы мектеп оқушысы тергеу изоляторына қамалды. Аталған деректен кейін Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.
Қылмыстық іс туралы өзге мәліметтер тергеудің құпиялығына байланысты жария етілмеді.