Ақтөбеде мектеп оқушысы жүкті болып қалған

0
87

Бұған дейін жасөспірім қыз бірнеше рет түнгі рейд кезінде ұсталған.


Ақтөбеде мектеп оқушысы жүкті болып қалған

Фото: canva

ERNUR.KZ. Ақтөбеде полициясы кәмелетке толмаған қызбен жыныстық қатынас жасау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді бастады, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазіргі уақытта заңнамада көзделген барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Жәбірленушінің құқықтары мен заңды мүддесін қорғау қамтамасыз етілді. Аталған қылмыстық істі тергеу барысы облыстық полиция департаментінің ерекше бақылауында", – деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ал облыстық білім басқармасы қыздың бұған дейін профилактикалық есепке алынғанын айтты.

"Бұл оқиғаға дейін білім беру мекемесі тарапынан барлық тиісті шаралар қабылданған. Жүргізілген түнгі рейдте кәмелетке толмаған тұрғынның бірнеше рет ұсталғаны анықталды. Ата-анасына сол кезде ескерту жасалып, оқушы профилактикалық есепке алынды. Оқушымен жеке жұмыс жоспары жасалған, бақылау орнатылған. Сол кезде жүкті екені анықталды", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық білім басқармасы.