Ақтөбеде оқушы есінен танған қызды аман алып қалды

0
759

Қыздың аяқ астынан ұстамасы (эпилепсия) ұстаған.


Ақтөбеде оқушы есінен танған қызды аман алып қалды

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназияның 11«Б» сынып оқушысы Мейірбек Нұржанов адам өміріне араша түсті, деп жазады inform.kz.

Бұл жайында облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Оқушы мектепішілік волейбол үйірмесінен шыққан соң мектеп жанындағы «Соседушка» дүкеніне соғады.

Дүкен ішінде 18 жастағы қыздың құлап бара жатқанын көріп, дереу қимылдайды.

Қыздың аяқ астынан ұстамасы (эпилепсия) ұстаған. Тілін жұтып бара жатқанын көріп, жедел жәрдем қызметі келгенше алғашқы көмек көрсетеді.

Есін жиған қыздың жақындары Мейірбекке алғыс айтқан.