Видеоға түсіріп тұрған әйел балалардың көзінше төбелеспеуін сұрайды.
иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден
ERNUR.KZ. Ақтөбеде сақалды 2 адам көпқабатты үйлердің бірінің ауласында жас жігітті сабап кетті, деп жазады sn.kz.
Кадрда жігіт қолына телефон алып, полицияға xабарласатынын айтып жатады. Дәл осы сәтте сақалды адам кеп оны соққыға жыға бастайды. Оған екіншісі қосылып, қуып жүріп тепкілейді.
Видеоға түсіріп тұрған әйел балалардың көзінше төбелеспеуін сұрайды. Сондай-ақ екі қарт кісі оларды ажыратуға тырысады. Бірақ екеуі екі жақтан теуіп, әлгі ер адамды өлімші етіп сабайды.