17 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
ERNUR.KZ. 22 қазанда сағат 17.30 шамасында "Keruen City" ОСО-ның екінші қабатында жасөспірім 19 жастағы жігіттің мойнына пышақпен екі рет соққы жасаған, деп жазады zakon.kz.
Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ербол Сарқұлов жәбірленуші Жедел жәрдем ауруханасына жатқызылғанын жеткізді.
Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК-нің 24-99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
17 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.