Ақтөбеде спорт мектебінің 8-сынып оқушысы көз жұмды

0
582

Полиция денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру дерегі бойынша іс қозғады.


Ақтөбеде спорт мектебінің 8-сынып оқушысы көз жұмды

ERNUR.KZ. Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 8 сынып оқушысы көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға 11 сәуір күні сағат 21:30-да тіркелген. Оқиғаның мән-жайын Ақтөбе облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы хабарлады.

"Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінің 8 сынып оқушысы былтыр еркін күрес тобына қабылданды. 11 сәуір күні жатақханада талып қалған. Жедел жәрдем шақырылды. Ол ауруханаға жетпей, жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Қазіргі уақытта баланың қандай себептен қайтыс болғаны анықталып жатыр", - деді Ақтөбе облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Евгений Гончаров.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті тергеуді бастап, қылмыстық іс қозғады.

- Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, спорт мектебінің қызметкерлеріне қатысты мiндеттерiне адал қарамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды, - деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.