​Ақтөбеде туған ағасынан жүкті болған мектеп оқушысы болып шықты

0
1 558

Қандай туыс болса да ер жігіт пен қыз баланы бір бөлмеде жатқызбау керек.


​Ақтөбеде  туған ағасынан жүкті болған мектеп оқушысы болып шықты

ERNUR.KZ. Ақтөбе облыстық сотының төрағасы бүлдіршіндерге қатысты зорлық-зомбылықтың көбейіп кеткеніне алаңдап отыр. Тоқсандық жұмысқа қорытынды жасаған төраға сотта қаралған жантүршігерлік жағдайлар туралы баяндап берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сот төрағасы өңірде қозғалған екі іске баса назар аударды.

"Мен мына жағдайларға алаңдадым. Ақтөбе облысында екі іс қаралды. Оның бірінде туған әкесі 2-3 жыл бойы 11-12 жастағы туған туған қызына жыныстық зорлық көрсеткен. Өгей емес, туған әкесі. Осындай жантүршігерлік тағы бір жағдайда ер адам туған қарындасын екі жылдан аса уақыт жыныстық қатынасқа тартқан. Зорлық көрген екі бала да кәмелеттік жасқа толмаған бүлдіршіндер.

Қыз баланың ағасынан аяғы ауыр болып қалған кезде ғана мектеп мұғалімі байқаған. Бұл оқиға сол кезде ғана тіркелген. Бұл жақсы жағдай емес. Қоғам болып күресуді талап ететін жағдай", - дейді Ақтөбе облыстық сотының төрағасы Абдолла Сәкен.

Сонымен қатар, ол кез келген мәселеде баламен ашық сөйлесіп, дос болу керектігін айтты. Оған қоса, қандай туыс болса да ер жігіт пен қыз баланы бір бөлмеде жатқызбауға кеңес берді.