Ақтөбеде жарнамаға сенген дәрігер 46 миллион теңгесінен айырылды

0
522

Қазіргі кезде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақтөбеде жарнамаға сенген дәрігер 46 миллион теңгесінен айырылды

ERNUR.KZ. Ақтөбелік дәрігер әлеуметтік желіде жалған жарнамаға алданып, 46 миллион теңгеден айырылды, деп жазады sputnik.kz.

Облыстық полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сәйкес, алаяқтар әлеуметтік желіде "Kaspi Profit" платформасының жалған жарнамасын орналастырған. Танымал банкирдің атын ақшаны инвестициялауға да шақырған. Ақтөбелік дәрігер әйел жарнамаға сеніп, өз мәліметтерін берген. Оған Telegram арқылы "Kaspi Profit" менеджері және қаржы талдаушысы ретінде таныстырған адам хабарласты.
"Менеджер "RoseFinance" крипто платформасына ақша салып, одан жоғары пайызбен пайда табуға болатынына сендірген. Дәрігер қаңтар-сәуір айлары аралығында платформаға 46 миллион теңгеден астам ақша аударған. Бірақ ешқандай жоғары пайыз түспеді", - дейді полицейлер.
Дәрігер алаяқтарға алданғанын түсініп, полицияға арыз түсірді. Қазіргі кезде алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.