Ақтөбеде жоғалған оқушы қыз достарының жанынан табылды

0
235

Биыл облыс бойынша 11 жасөспірім жоғалып, табылды.


Ақтөбеде жоғалған оқушы қыз достарының жанынан табылды

ERNUR.KZ. Ақтөбелік оқушы бір күннен соң достарының жанынан, саябақтан табылды, деп жазады inform.kz.

Мектеп оқушысы Аружан Орынбасарова кеше үйінен шығып кетіп, бүгін табылды.

Іздестіру жұмыстарына полициямен бірге еріктілер де жұмылдырылды.

Ол достарының жанында болған.

— Полиция қызметкерлері оны саябақта достарымен қыдырып жүрген жерінен тапты. Кейін отбасына табысталып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Айта кетейік, биыл облыс бойынша 11 жасөспірім жоғалып, табылды.