Ақтөбеде жоғалып кеткен қыз екі аптадан бері іздестіріліп жатыр

0
435

Ол 27 ақпанда үйінен шығып, содан қайтып оралмаған.


Ақтөбеде жоғалып кеткен қыз екі аптадан бері іздестіріліп жатыр

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жасөспірім қыз жоғалып кетті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Ақтөбе облысы ПД криминалдық полиция басқармасы Маңғыстау облысы, Ақтау қаласында тұратын, хабар-ошарсыз кеткен 2008 жылы туған кәмелетке толмаған Шамшетова Насиба Асмадинқызын іздестіріп жатыр», - делінген хабарламада.

Полицияның мәліметінше, 27 ақпанда ол Ақтөбедегі туыстарының үйінен шығып кеткен және осы уақытқа дейін оның қайда екені белгісіз.

Белгілері: бойы 155-160 сантиметр, арық дене бітімі, ұзын қара шашты, көздері қара. Киімі: ақ пальто, сұр шалбар, қара кроссовка.

Жоғалған қызға қатысты қандай да бір ақпарат білетіндер болса келесі телефон нөмірлеріне қоңырау шалуларыңызды сұраймыз: 102, 8 707 765 35 25, 8 775 680 58 88.