Ақтөбеде жолаушы жақын досының кінәсінен қаза тапты

0
541

Жүргізуші рөлге мас күйде отырған.


Ақтөбеде жолаушы жақын досының кінәсінен қаза тапты

ERNUR.KZ. Ақтөбеде сыра ішіп алған ер адам көлігімен ең жақын досын әуежайға жеткізіп салмақ болған. Алайда мас жүргізушінің кінәсінен жол-көлік оқиғасы болып, соның салдарынан Ақтөбеге қонаққа келген атыраулық тұрғын қаза тапты, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Диапазон» басылымының жазуынша, қайғыды оқиға Сәңкібай батыр даңғылында болған.

«Nissan XTrail көлігінің 34 жастағы жүргізушісі солға бұрылған кезде қарсы келе жатқан көлікке жол берместен жүріп кеткен, соның салдарынан жол белгілері мен қоршауға соғылған. Nissan XTrail жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, ал оның әуежайға бармақ болған жақын досы оқиға орнында қайтыс болды. Анықталғандай, Nissan жүргізушісі көлікті мас күйінде басқарған, ол рөлге отырмас бұрын досымен сыра ішкен. Алкогольдің кесірінен әуежайға баратын жол өлімге әкелді», - делінген хабарламада.

Сот жол-көлік оқиғасына кінәлі болған азаматты 3 жылға бас бостандығынан және 10 жылға жүргізуші куәлігінен айырды.