Ақтөбеде жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, жасөспірім көз жұмды

0
90

​Қазіргі уақытта жол апатының себептері анықталып жатыр.


Ақтөбеде жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, жасөспірім көз жұмды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

ERNUR.KZ. Ақтөбеде жантүршігерлік жол апаты болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жол-көлік оқиғасы Рауан елді мекенінің маңындағы тасжолда болды. Жүк көлігі мен жеңіл автокөлік соқтығысты.

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, апат салдарынан бес жолаушы жарақат алды. Өкінішке қарай, кәмелетке толмаған бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды.

Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы анықталып, себептері тексеріліп жатыр.