Жылан шаққан қазақстандық жасөспірім жансақтау бөліміне түсті
ERNUR.KZ. Ақтөбеде жылан шаққан жасөспірім жансақтау бөліміне түсті. Дәрігерлер зардап шеккен балаға жылан уына қарсы сарысу енгізді, деп жазады Zakon.kz.
"Диапазон" басылымының жазуынша, екі күн бұрын "Автомобилист-2" бау-бақша ұжымында жылан 16 жастағы баланың аяғынан шаққан.
Туыстары жедел жәрдем шақырып, зардап шеккен жасөспірім жансақтау бөліміне жеткізілді.
"Алдын ала мәлімет бойынша, жасөспірімді сұр жылан (гадюка) шағуы мүмкін. Зардап шеккен балаға жылан уына қарсы сарысу енгізілді", – деп хабарлады ТЖД.
Баланың жағдайы тұрақты. Қазір ол ем қабылдап жатыр.


