Науқастың денесінің 45%-ы күйік шалған.
ERNUR.KZ. Ақтөбедегі жанармай құю бекетінде болған өрт кезінде зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп жазады stan.kz.
Дәрігерлердің мәліметінше, науқастың денесінің 45%-ы күйік шалған. Жағдайының ауырлығына қарамастан, науқас есін біледі. Оның негізгі өмірлік көрсеткіштері тұрақты.
"Науқасқа қажет ем толық көлемде көрсетілуде және ол медициналық мамандардың тұрақты бақылауында", – деді дәрігерлер.
Өрт хабарлама түскеннен кейін 8 минут өткен соң, сағат 23:03-те толықтай сөндірілді. Өрт сөндірушілер жалынның автогаз құю станциясының нысандарына таралуына жол бермеді.
Өртті сөндіру барысында автокөлік салонынан үш адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі – кәмелетке толмағандар. Бір зардап шеккен адам медициналық мекемеге жеткізіліп, ауруханаға жатқызылды.


