Ақтөбедегі жантүршігерлік оқиға: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

0
180

Ер адамның қыз бен оның ата-анасын кепілге алуы қоғамды дүр сілкіндірген еді.


Ақтөбедегі жантүршігерлік оқиға: Екі бап бойынша қылмыстық іс қозғалды

Фото: Диапазон

ERNUR.KZ. Аталған қылмысқа қатысты "Адам өлтіру" және "Адамды кепілге алу" баптарымен іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр, деп жазады inbusiness.kz.

Бүгін таңда Ақтөбеде ер адам қыз бен оның ата-анасын кепілге алғанын, одан соң кепілге алынған екі адамның қайтыс болғанын жазған едік.

Марқұмның көршілері түндегі үрей әлі ойында жатталып тұрғанын айтып, үйден шықпағанын жеткізді.

– Қалай болғанын білмеймін. Кешкілік полиция келіп, көлік көп жиналды. Сөйтіп айналасын қоршап қойды. 4-5 сағат болды полиция. Біз балаларды үйге кіргізіп жібердік. Оларды көп танымаймыз, тек сыртынан білемін, – деді Мәскеу ауданының тұрғыны Сәбит Шүйіншалиев.

Оқыс оқиғаға жақын жерде тұратын қала тұрғыны да полицияны көрген соң, үйіне кіріп кеткенін айтып отыр.

– Кешкі тамақты ішіп, далаға шықтым. Сол кезде далада полиция толып тұрды. Ешкім ештеңе айтпады. Полиция "апа, үйге кіріңдер, қорықпаңдар, аманшылық" деді. Үйге қайта кірдік, көлікті аулаға қойдық. Біз ата мен әжені сыртынан білгенімізбен, танымаймыз. Түнімен ұйықтамадық. Бірдеңе сарт ете қалып, далаға шықтық. Көлік тұр. Адамдар шығарып жатыр сол кезде, – деді Маржан Тажекенова.