Ақтөбедегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
157

36 жастағы ер адам қайтыс болды.


Ақтөбедегі жарылысқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Ақтөбе облысы ТЖД

ERNUR.KZ. Іс қылмыстық кодекстің "Өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу" бабы бойынша қозғалды, деп жазады inbusiness.kz.

Осы оқиғадан соң Қылмыстық кодекстің 292 баптың 2 тармағы бойынша іс қозғалды.

– Хабарлама сағат 18:34-те түсті. Оқиға орнына келген кезде 4 және 5-қабаттардың өртенгені, 4-қабаттың едені опырылып, үшінші қабатқа түскені анықталды. Өртке 16 техника, 52 адам жұмылдырылды. 73 адам эвакуацияланып, бір адамды бесінші қабаттан құтқардық, – деді облыстық ТЖД бастығының бірінші орынбасары Еркін Қашқанов.

Айта кетейік, Ақтөбеде пәтерде жарылыс болып, бір адам оқиға орнында қаза тапты.