​ Ақтөбелік бас дәрігер күнде аурухананың ішінде адасып жүр (фото)

0
2 682

Бас дәрігердің кабинетіне жету үшін тез жүргеннің өзінде лабиринт етіп салынған аурухананың ішін 10-15 минут шарлауға тура келеді.


​ Ақтөбелік бас дәрігер күнде аурухананың ішінде адасып жүр (фото)

ERNUR.KZ. Ақтөбеде облыстық балалар ауруханасы басшысы кабинетін таба алмай күнде адасатынын айтады. Бұған себеп ауруханың лабиринт етіп салынуы екені деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бас дәрігердің кабинеті ғимараттың үшінші қабатында орналасқан.

"Мен өзім кабинетіме келу үшін күнде адасамын. Қалай салынғанын түсінбеймін. Қасымда үнемі біреу еріп жүреді", - дейді облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Ерлан Сұлтангереев.

Бас дәрігердің кабинетіне жету үшін тез жүргеннің өзінде лабиринт етіп салынған аурухананың ішін 10-15 минут шарлауға тура келеді.

Ал аурухананың ішін мүлде білмейтін науқас бас дәрігерді іздеймін деп жүріп өзі адасып кетуі әбден мүмкін екен.

Айта кетейік, бұл аурухана 2011 жылы "100 мектеп 100 аурухана" бағдарламасы аясында қолданысқа берілген болатын. Мекеме 200 орындық. Орталықтағы кемшіліктерге байланысты үш ай бұрын аурухананың басшысы ауысқан болатын.