22 жастағы Әсем үйдің жалғыз баласы болған. Өткен жылы психолог дипломын алған. Қылмыс жасаған жігітпен бір жарым жыл кездескен.
ERNUR.KZ. Ақтөбеде тамыз айында өзінің қалыңдығын өлтірген жігіт сот алдына келді, деп жазады Sputnik Қазақстан.
22 жастағы Әсем үйдің жалғыз баласы болған. Өткен жылы психолог дипломын алған. Жігітімен бір жарым жыл кездескен. Ол жазда қызға ұсыныс жасап, ата-анасымен таныстырған. Әсемнің жақындары мұның бәрі трагедиямен аяқталатынын білмеген.
"Мен оның тиісті жаза алғанын қалаймын. Сот дұрыс шешім қабылдайтынына сенемін. Мені барша аналар естісе деймін. Балаларыңыздың кіммен араласатынын қараңыз, үйіңізге кіргізген адамға аса мұқият қараңыз", - деді қайтыс болған қыздың анасы Айгүл Бірімжанова.